Текст
Қызды қалай тәрбиелеу керек? Сұрақ маңызды және қарапайым емес. Халық даналығында: «Ұл тәрбиелесең - ер тәрбиелейсің, қыз тәрбиелең – күллі халықты тәрбиелейсің», - делінген. Балаларды тәрбиелеуде бірінші кезекте отбасы үлкен рөл атқарады, ал кейінгілері-қоршаған орта, мектеп, колледж және т.б.
11 желтоқсан «Аналар үйі" Қоғамдық қоры «Ерте жүктілік» тақырыбында онлайн режимінде студенттерге арналған конференция өткізді. Іс-шараның спикері практикалық психолог-родолог, "Аналар үйі" ҚҚ үйлестірушісі Джумабекова Құралай Габдулгамаровна болды.