Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

0101000 “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”

 

0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

 

Мектепке дейінгі үйымдардың тәрбиешісінің кәсіби қызметінің объектісі болып табылады: 

  • білім берудің мектепке дейінгі үйымдарында оқу- тәрбие үрдісінің  (процессінің) технологиясы. 

 

Орта буын маманы біліктілігін кәсіби қызметінің түрлері болып табылады:

 

«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»:

Мемлекеттік білім стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұжымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады;

Оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады;

Балалардың дербес ерекшеліктерін, психологтың ұсыныстарын ескеру негізінде тәрбиеленушілерді түзетуші – дамытушылық жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді;

Дәрігер қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, психо-физиологиялық дамуын жетілдіретін іс-шаралар ұйымдастырады және өмірі мен денсаулығына жауап береді;

Тәрбиеленушілердің күн режимін орындауын және уақыттарын ұйымдастырады;

Оқыту процесін жүргізеді, ұйымдастырады және қосымша білім алуға көмек береді;

Балаларды көркем шығармашылыққа және қызығушылықтары бойынша түрлі бірлестіктерге тартады;

Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай өзіне-өзі қызмет ету бойынша жұмыстарды, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыруды ұйымдастырады;

Балалардың мәдени – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді;

Балалар ұжымының іс-әрекетінде өзін-өзі басқарудың бастамасын ұйымдастыруға көмек береді;

Балалардың дербес ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін және бейімділіктерін, олардың отбасылық жағдайларын  және тұрғын жайлары мен тұрмыс жағдайларын зерделейді;

Балалардың ата-аналарымен немесе олардың орнын ауыстырушылармен біріккен жұмыстар ұйымдастырады;

Тәрбиешінің көмекшісінің және басқа қызметкерлердің қызметтерін білім беру және тәрбиелеудің біртұтас процесі аясына шоғырландырады;

Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады;

Оқыту ақпаратын модельдеу, ақпараттық-оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқыту мен тәрбиелеу сапасының мониторингін жүргізу, тәрбиеленуші мен тәрбиешінің жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.

 

Кәсіптік құзыреттер:

Жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, психологияны, жасерекшелік физиологиясын, гигиена және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу және қолдану;

Қарым-қатынас этикасын, балалардың психологиялық, анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін экстремальды жағдайларда әрекет ету тәртібін білу;

Тәрбие беру жұмысының функциялары мен мазмұнын, балалар ұжымын диагностикалаудың әдістерін білу;

Пәндерді оқыту әдістемелерін меңгеруі, тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін, құралдары мен нысандарын қолдану;

Балалардың танымдық және ақыл қабілеттерін дамыту, оқу іс-әрекетін қалыптастыру;

Балаларда эстетикалық қабылдау мен пайымдауларын қалыптастыру, көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйрету және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелеу, шаруашылық –тұрмыстық еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;

Балаларға қоршаған ортаның қарапайым құбылыстары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, танымдық психикалық процестерін дамыту;

Режимдік процестерді және оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;

Мектепке дейінгі жастғы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау;

Баланы эстетикалық дамытудың тәсілдерін меңгеру, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге үйрету, баланың бос уақытын ұйымдастыру. Музыка, этика және эстетика, бейнелеу өнерін оқыту;

Әртүрлі жастағы балаларға арналған, олардың қабілетін дамытатан үстелүстілік, дидактикалық, компьютерлік, интеллектуалдық ойындарды ұйымдастырудың әдістерін меңгеру;

Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау, медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру;

Оқу-бағдарламалық құжаттарын әзірлеу негіздерін меңгеру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай                      

 

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

  • 9- сынып негізінде- 3 жыл 10 ай;
  • 11- сынып негізінде -2 жыл 10 ай
Жаңартылған күні: 25.02.2019 12:59
Құрылған күні: 05.03.2019 17:08

Текст