Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

    1201000 “Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану”

 

 

1201123 – техник-механик

 

Техник-механик  біліктілігін меңгерген орта буын  маманның кәсіптік қызметінің объектілері:

Маманның кәсіби қызметінің объектілері автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының пайдалануын ұйымдастыру мен басқаруына байланысты меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын мен ұйымдар болып табылады: автокөлік кәсіпорындар, автоколонналар, көліктік-экспедициялық кәсіпорындар, әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық меншік нысанындағы өнеркәсіп пен коммерциялық кәсіпорындар; техникалық қызмет көрсету бекеттері т.б

        «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының кәсіби қызметіне қажетті нысандар ретінде автокөліктің техникалық күйі, автосервис менеджементі мен оны ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, автомобиль өнер кәсібіндегі нормалық құқықтық заңдар топтамалары болып саналады.

 

Техник механиктің маманының кәсіптік қызметінің түрлері:

·        жобалап - есептеу жұмыстары;

·        ұйымдық -басқару жұмыстары;

·        қолданыстағы менеджмент және маркетинг негіздеріне сүйене отырып

ұйымдастыру - пайдалану жұмыстарының заңдылықтары мен процесстерін үйрену;

·        өндірістік технологиялық жұмыстар.

 

Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде орта буын маманының кәсіптік құзыреттері:

·        автомобильдердің жол торабындағы жұмыс жоспары мен графиктерін жасау ;

·        автомобильдердегі техникалық қызмет көрсету, жөндеу кезінде, жөндеу-технологиялық құралдардың қолдануы;

·        автокөліктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

·        анықтамалармен жұмыс істеу, сызбалар сызу, құрастыра білу;

·        автомобильдің жүрісін басқаруға арналған құрылғылармен жұмыс істей білу;

·        өндіріс жағдайында еңбек және технологиялық тәртіпті сақтай білу;

·        автокәсіпорынның техника және басқада өндіріс жабдықтарымен қамтамасыз етілуінің есебін жүргізу;

·        автомобильді диагностикалау кезіндегі есептеу техникасын пайдалана білу.

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

·         9 - сынып негізінде- 3 жыл 10 ай;

·         11- сынып негізінде -2 жыл 10 ай

 

 

1201113 – электромеханик

Электромеханик біліктілігін меңгерген орта буын  маманның кәсіптік қызметінің объектілері:

Маманның кәсіби қызметінің объектілері автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының пайдалануын ұйымдастыру мен басқаруына байланысты меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын мен ұйымдар болып табылады: автокөлік кәсіпорындар, автоколонналар, көліктік-экспедициялық кәсіпорындар, әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық меншік нысанындағы өнеркәсіп пен коммерциялық кәсіпорындар; техникалық қызмет көрсету бекеттері т.б

«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының кәсіби қызметіне қажетті нысандар ретінде автокөліктің техникалық күйі, автосервис менеджементі мен оны ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, автомобиль өнер кәсібіндегі нормалық құқықтық заңдар топтамалары болып саналады.

 

Электромеханик маманының кәсіптік қызметінің түрлері:

·        электр жабдығы құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша операцияларды орындау;

·        Бақылау-диагностикалық құралдардың көмегімен электр жабдықтарын тексеруді жүргізу;

·        электр стартерлерін жалпы электр тізбегіне қосу схемасын құру;

·        айнымалы ток генераторларындағы ток күші мен кернеу мөлшерін реттеу;

·        электр тізбектеріндегі ақауларды жою;

·        сымдарды бөле білу және ұштай білу және оларды электр құралдарына қосу;

·        қалқаншадағы бақылау-өлшеу аспаптарын ауыстыру;

·        электр тогынан зардап шеккен адамға күйік және пайдаланылған газдармен улану кезінде алғашқы көмек көрсете білу.

 

Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде орта буын маманының кәсіптік құзыреттері:

·        автокөлік электржабдығы жұмысының жарамдылығын анықтау;

·        генератордың, стартердің, жарық беру және сигнал беру құралдарының дұрыс бекітілуін анықтау;

·        электр сымдарының күйін анықтау, оларды бекіту;

·        автокөлік электржабдығы жүйесінде сақтандырғыштардың сапасын анықтау;

·        бақылау-өлшеу аспаптарының тізбегіне қосу мүмкіндігін анықтау;

·        климат-контроль, круиз-контроль аспаптары мен кабинаны және шанақты жылыту аспаптары жұмысының тиімділігін анықтау.

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

·         9 - сынып негізінде- 3жыл 6 ай;

·         11- сынып негізінде -2 жыл 6 ай

 

 

1201072 – автокөліктерді жөндеуші слесары

Автокөліктерді жөндеуші слесары біліктілігін меңгерген орта буын  маманның кәсіптік қызметінің объектілері:

Маманның кәсіби қызметінің объектілері автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының пайдалануын ұйымдастыру мен басқаруына байланысты меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын мен ұйымдар болып табылады: автокөлік кәсіпорындар, автоколонналар, көліктік-экспедициялық кәсіпорындар, әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық меншік нысанындағы өнеркәсіп пен коммерциялық кәсіпорындар; техникалық қызмет көрсету бекеттері т.б

 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының кәсіби қызметіне қажетті нысандар ретінде автокөліктің техникалық күйі, автосервис менеджементі мен оны ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, автомобиль өнер кәсібіндегі нормалық құқықтық заңдар топтамалары болып саналады.

 

Автокөліктерді жөндеуші слесары маманының кәсіптік қызметінің түрлері:

·        автомобильдердің қарапайым тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу;

·        қарапайым слесарлық операцияларды орындау, сызбалар бойынша қарапайым бөлшектерді дайындау;

·        бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын дұрыс пайдалану;

·        тиімді еңбек тәсілдерін қолдану, жұмыс орнын ұйымдастыру;

·        автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің жарамдылығын анықтау;

·        техникалық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, белгіленген өндіру нормаларын орындау;

·        автомобильдердің қарапайым агрегаттары мен бөлшектерін жөндеу;

·        күрделілігі орташа агрегаттар мен механизмдерге жөндеу жүргізу;

·        біліктілігі анағұрлым жоғары слесардың басшылығымен күрделі жұмыстарды жүргізу.

 

Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде орта буын маманының кәсіптік құзыреттері:

·        автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету операцияларының кезектілігін жіберу;

·        мамандандырылған және әмбебап техникалық қызмет көрсету станцияларында диагностиканы ұйымдастыру нысандарын анықтау (ТҚС);

·        ТҚС жағдайында көліктің тораптары мен агрегаттарын қалпына келтіру тәсілдерін анықтау ;

·        автокөлік диагностикасының нәтижелерін, ақаулықтардың белгілерін тіркеу әдістері мен құралдарын өзгерту;

·        техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика әдістері мен құралдарын анықтау;

·        еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шараларды, автомобильді пайдалану және басқару ережелерін анықтау

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

·         9 - сынып негізінде- 2 жыл 10 ай;

·         11- сынып негізінде - 10 ай

Жаңартылған күні: 09.04.2019 13:56
Құрылған күні: 09.04.2019 13:58

Текст