Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш білім беру

0105000 “Бастауыш білім беру”

 

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

 

Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет объектісі:

  • жеке меншік формасына тәуелсіз барлық білім беру мекемелеріндегі оқу –тәрбие үрдісі (процессі).

 

Бастауыш білім беру мұғалімінің кәсіби қызмет  түрлері: 

  • білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес бастауыш мектепте сыныптан тыс іс-шаралар мен сабақтарды  ұйымдастырады; 
  • әдістемелік жұмысты  ұйымдастырады;
  • өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады;
  • мұғалім мен оқушы жетістіктерінің портфолиосы үшін мәліметтерді жинайды, білім беру сапасының мониторингін өткізеді және интерактивті өзара қызметті жобалау, ақпаратты- оқыту алаңын құру және оқыту мәліметтерін мөделдеу әдістерін игереді.

 

Кәсіптік құзырет

Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу;

Оқу –бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу;

Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру;

Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру;

Сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға, талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгеру.

Мақсат пен міндеттерді анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамыта білу;

Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру;

Топ жетекшісінің қызметін, жұмыс мазмұнын, білім алушылар ұжымын диагностикалау әдісін білу.

Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.

Ақпараттық-оқыту ортасын құрастыра білу;

Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау әдістерін меңгеру

Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу

 

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

 

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

  • 9 - сынып негізінде- 3 жыл 10 ай;
  • 11 - сынып негізінде -2 жыл 10 ай
Жаңартылған күні: 25.02.2019 13:13
Құрылған күні: 05.03.2019 17:10

Текст