Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақпараттық жүйелер

    1305000 “Ақпараттық жүйелер”

 

1305003 – техник

Техник біліктілігін меңгерген орта буын  маманның кәсіптік қызметінің объектілері:

·         экономикалық ақпарат;

·         бизнес жүргізу бағдарламалары мен бағдарламалық компоненттер;

·         бизнес жүргізуді бағдарламалау тілдері мен жүйелері;

·         құжаттандыру құралдары;

·         кәсіпорындары басқарудың, есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың стандарттары мен әдістеру;

·         ақпараттық өзара іс-қимыл және жүйелерді қорғау стандарттары мен әдістері.  

Техник маманының кәсіптік қызметінің түрлері:

 ·         коммерциялық компаниялар мен бюджеттіу үйымдарды басқаруды ұйымдастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін жасау және пайдалану;

 ·         ақпараттық жүйелерге қойыдатын талаптарды талдау;

 ·         ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды әзірлеу әдістері мен құралдарының жиынтығы;

 ·         жобалық спецификациялар мен архитектуралық қосымша бағдарламаларды іске қосу;

 ·         ақпараттық жүйелерді модификациялау, оңтайландыру және дамыту регламенттері;

 ·         корпоративтік ақпараттық жүйелер мен деректер базасын, корпоративтік Web-порталдар мен электрондық коммерция, қазақ тілінің электрондық сөздіктері, электрондық оқыту жүйелерін әзірлеу; басқарудың корпоративтік жүйелері, аналитикалық жүйелер, сервистік қызмет.

 Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде орта буын маманының кәсіптік құзыреттері:

 ·        ақпараттық жүйелер жұмыстарын ұйымдастыру бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдану;

 ·        ақпараттық жүйені инсталляциялауды жүргізу;

 ·        бағдарламалауды техникалық тапсырыс талаптарына сәйкес жасау;

 ·        жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша есептік құжаттарды рәсімдеу;

 ·        экономикалық ақпаратты автоматтандырылған өңдеуді жобалау әдістерін қолдану;

 ·        есептеу техникасы, ақпавратты жинау, беру, өңдеу құралдарын және оларды пайдалану ережелерін қолдану;

 ·        бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптерін, есеп жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды, бюджеттік жүйе құрылымын, қаржы нәтижелерін қалыптастыру көздерін, оларды бөлу әдістерін білу;

 ·        электрондық құжат айналымын жүргізу: шаруашылық операциялары мен мекеме қызметінің қаржылық нәтижелерінің деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді автоматтандыру.

Оқыту нысаны: күндізгі және сырттай

Мамандық бойынша оқу мерзімі:

 ·         9 - сынып негізінде- 2 жыл 10 ай;

 ·         11- сынып негізінде -1 жыл 10 ай

Жаңартылған күні: 25.02.2019 13:14
Құрылған күні: 09.04.2019 13:55

Текст