Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҚР Тұңғыш Президент күні»

02.12.2020

           Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың маңызды рөлін ашып көрсету және студенттерді еліміздің дамуы мен қалыптасуындағы тарихи оқиғалармен таныстыру мақсатында 2020 жылғы қарашаның  30-ы ЭМ-12 тобында студенттер тобының кураторы «Президент күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

          Бүгінгі күні біздің еліміз әлемге танымал, оның дамуын жақсартуға бағытталған көптеген өршіл жобалары бар. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері көп жағдайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігері, батылдығы, көрегендігі мен табандылығының арқасында мүмкін болды.

          Біздің Ұлт Көшбасшысының жетістіктері шынайы құрметке ие, сондықтан біздің күнтізбемізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің пайда болуы заңды. Енді қыстың бірінші күні, осы мереке аталып өтетін күн, барлық қазақстандықтар үшін айтулы күнге айналды.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст