Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі білім беру контекстіндегі функционалдық сауаттылық: сын-тегеуріндер мен тиімді тәжірибелер» әдістемелік отырыс

30.11.2023

2023 жылдың 30 қараша күні Ақмола облысы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндердің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазіргі білім беру контекстіндегі функционалдық сауаттылық: сын-тегеуріндер мен тиімді тәжірибелер» атты отырыс өтті.  Мақсаты - қазіргі заманғы технологияларды пайдалану негізінде ТжКБ-да жалпы білім беру циклі пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру; функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, құзыретті және тиімді әрекет ету қабілетін дамыту, практикалық қызмет барысында туындайтын проблемаларды шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу және табылған шешімдерді іске асыру. Облыстық отырысқа жалпы білім беретін пән оқытушылары, әдіскерлер онлайн-оффлайн форматтарында қатысты.

Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Салимгреева Гульнар Хамитовна қатысушыларға сәттілік тілеп, колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән оқытушысы Рахимов Гадылбек Каиргельдинович іс-шара қатысушыларын «Ерлік Даңқы» музейінің экспонаттарымен таныстырып, «Көкше- Іздеу» әскери-патриоттық клубы туралы мәлімет берді.  Колледж әдіскері Анисова Айгерим Сагындыковна оқытушылардың жасап шығарған оқу- әдістемелік құралдарға тоқталып, ағылшын тілі пәнінде қолданылатын “Gateway|” сандық оқу-әдістемелік кешенін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Жаманбаева Карагоз Мукушевна құттықтау сөз сөйлеп, отырыстың пленарлық бөлімін ашты. Сонымен қатар, пленарлық бөлімде «Қазіргі білім берудегі функционалдық сауаттылық туралы мәселеге» атты баяндамасымен Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі әдіскері, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушы, педагог-зерттеуші Сабитова Тлек Батырхановна сөз сөйледі. Жалпы-гуманитарлық бағыттағы оқытушылар секциясы модераторы Мальцева Оксана Александровна және жаратылыстану-математика бағыттағы оқытушылар секциясы модераторы Куланова Эльмира Бекбулатовнаның жетекшілігімен отырыстар өз жалғасын тапты. Диалогтық алаңында баяндамалар талданып, отырыс қорытындысы шығарылды. Отырыс баяндамашылары сертификаттармен марапатталды.  

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст