Текст
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылғы 5 қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Осыған орай Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, ұстаздары диктант жазуға қатысты.
Диктанттың тақырыбы – «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы»
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Жалпы диктант жазу жас ұрпақтың сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады.