2023 жылдың 5 қыркүйегінде «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледж» мекемесінде Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған Тілдер онкүндігі басталды. Тілдер мерекесі – халықтар арасындағы бірлік пен келісімнің белгісі.
Онкүндік аясында «Мен қазақша сөйлеймін» этнос өкілдері арасында бейнероликтер байқауы, «Тілімізге деген көзқарас-елімізге деген көзқарас» шығармалар сайысы, «Тіл-әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі, «Түрлі ұлттардың достығы» мәнерлеп оқу сайысы, «Қазақ тілі – Мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында кураторлық сағаттары, «Қазақтың ұлттық ойындары» спорттық іс-шарасы, «Тіліміздің теңдігі- ұлтымыздың елдігі» атты білгірлер турнирі өтеді.
Баршаңызды достықтың, бейбітшілік пен берекенің тамаша мерекесіне арналған барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.