Текст
2020 жылы ақпанның 19-шы жұлдызында «Есеп және аудит» пен «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенттерінен тұратын колледждің «Клевер» құрама командасы «Достар» Мәдениет үйінде өткен «Үстел басындағы ойындар. Ақыл- ой ойындары» деп аталатын мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен интеллектуалды ойынға қатысты.
Ойын 7 бөлімнен тұрды. Әрбір кезеңде кино мен сериалға, музыкаға, елдер мен қалалар тарихына, әлем туралы, 4 фото 1 сөз, танымал тұлғаларға байланысты қызықты сұрақтар болды. «Клевер» командасының ойыншылары жақсы ортада уақыттарын өткізіп, ойын барысында өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсете білді.