20.02.2020
Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі ЖІК белсенділері мен мүшелері Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы "Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі" ҚМКК базасында "Еріктілер жылы" аясында пікірталас алаңына барды. Іс-шараның негізгі мақсаты: жастарды өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Өзінің тәжірибесімен Әсет Байжолов бөлісті. Бұл кездесу әр түрлі колледж студенттерінің бір-бірімен жақын танысуына мүмкіндік берді. Команданың ұйымшылдығына арналған ойындар,треннингтер және белгілі тақырыптарға әңгімелер өткізілді.Студенттер бұл іс-шарадан жарқын,керемет әсерлер мен жаңа ақпараттар алды. Сонымен қатар,өз ойларын айқын және ашық білдіруді үйренді.