20.02.2020
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Шараның мақсаты - Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Колледж студенттері аталмыш шараға белсенді қатысты. Абай атамыздың өлеңдері де, әндері, қара сөздері үш тілде айтылды, шырқалды. Өзінің жүрек-жарды өлеңдерін арнаған жас ақындарымыз да баршылық. Әдеби-сазды кеш сондай жақсы серпінде, әсерлі өтт