Текст
2020 жылдың 3 ақпанында УиА-22 оқу тобының жетекшісі Анисова Айгерим Сагындыковна өскелең ұрпақтың азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, Ауған соғысының қатысушыларына құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында "Ауғанстан - өмірлік естелік" тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында қаза тапқан жауынгерлер туралы өлеңдер оқылды, әндер тыңдалды, бейнероликтер көрсетілді. Студенттер ауған соғысы оқиғаларын талқылауға және талдауға белсене қатысты.
Куратор сағатының мазмұны студенттерді басқаның қайғы- қасыретіне ортақ болуды, адамгершілігі мол адам болуды тәрбиелеуге септігін тигізді.