Текст
Біз есте сақтаймыз! Біз мақтан тұтамыз! Ленинград қоршауының 76 жылдығына арналған митинг өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты-жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елін, халқын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи өткенді ұғынуын, Ұлы Отан соғысындағы Ленинградтың рөлі туралы түсінік қалыптастыра білуін, Қазақстандықтардың Ленинград үшін шайқаста қосқан үлесін қалыптастырады. Колледждің вице-президенті Р. С. Шәкіржанов құттықтау сөз сөйледі. Ленинград блокадасының тарихы ,Ұлы Отан соғысы , сондай –ақ "Көкше-іздестіру" ӘПК жұмысы туралы клуб жетекшісі Е. А. Абдуллин баяндады. "Есеп және аудит", "Жол қозғалысын ұйымдастыру" ,"Бастауыш білім беру" мамандықтарының 1 курс студенттері мен оқытушылары қатысты.»