Текст
2023 жылғы 15 мамырда НО-41 және ФиС-41 колледж студенттері диплом алдындағы практика бойынша есептерді қорғады, практика жетекшісі Г. Т. Тасбулатова болды.
Практикадан өту барысында студенттер бастауыш және орта буын пәндері бойынша сабақтар өткізді, оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеді, тәрбие іс-шараларын өткізді, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімдерін жүйелеп, жинақтады, оларды оқушылардың оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда қолданды.
Барлық студенттер педагогикалық практика бағдарламасын толық орындап, қажетті есептік құжаттаманы белгіленген мерзімде ұсынды.