Текст
2023 жылдың 15 наурызда ПО-11 тобының студенттерімен "Ата-баба дәстүрі- адамгершілік негізі" атты танымдық викторина өтті.
Мақсаты:
Топ студенттері 3 топқа бөлініп, әр топ 5-6 оқушыдан құрылды. Сайыс басталмас бұрын 2 минут ішінде топтар өздерінің атауларын қойын, ұран шығарып қорғады.
Викторина екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең «Сұрақ –жауап» әдісі арқылы өтіп, екінші кезең «Айналдыру дөңгелегі» арқылы өтті
Студенттер викторинаға белсенді қатыса отырып, өз елінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тарихын қастерлейтінін тағы да дәлелдеді.
Ойын қорытындысы бойынша ПО-11 тобының «Наурыз көже» тобы жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарымен марапатталды.