2023 жылдың 02-03 наурыз аралығында ЖКазГТК-да 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша WorldSkills чемпионаты өтті.
Колледждегі чемпионаттың мақсаты: WorldSkills Kazakhstan стандарттары бойынша студенттерді кәсіби шеберлік бойынша республикалық чемпионаттарға қатысуға тарту.
ИС-31 тобының студенттері чемпионатқа келесі құзыреттер бойынша қатысты: Графикалық дизайн, веб-технологиялар, желілік және жүйелік әкімшілендіру.
Сарапшылар «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша техникалық сипаттамасы және бағалау критерийлері бар конкурстық тапсырмалар әзірледі Калиева Д.С., «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» Фомин В.А., «Веб-технология» Букаева А.Т. WorldSkills Чемпионатының қатысушылары тәжірибелік модульдер бойынша өз білімдерін көрсетті.
Чемпионаттың тәуелсіз төрешілері Қалиева Д.С., Бекжанова С.Г., Фомин В.А., Букаева А.Т. ұпайларды санап, колледжде өткен WorldSkills чемпионатының «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша – Жұматай Ілияс Егінбайұлы, «Веб-технология» құзыреті бойынша – Джаулибаев Дархан Сейітжанұлы 1 орын, Даулетбек Әділхан Азаматұлы 2 орын жеңімпаздарын анықтады. , «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша -Қайратов Расул Арманұлы 1 орын, Есен Бекболат Бауыржанұлы-2 орын.
Барлығын құттықтаймыз: қатысушылар, жеңімпаздар. Әрине, чемпионат жаңа тәжірибе, тың идеялар берді, жетілдіруге мүмкіндік берді. Барлықтарыңызға қызықты, шығармашылық жаңалықтар, табыстар тілеймін!