Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КазГТК волейбол бойынша чемпиондарды таңдады

23.12.2019

КазГТК волейбол бойынша чемпиондарды таңдады. 20 желтоқсан күні "Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыс өтті. "Чемпиондар" атағы үшін тартысқа 4 команда қатысты:

КазГТК колледжі оқытушылары құрамасы.

ФиС-11 тобының құрамасы.

ФиС-22 тобының құрамасы.

КазГТК колледжінің әйелдер құрамасы.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді. 1 орын және "чемпиондар" атағына ФИС-22 командасы ие болды, 2 орын КазГТК колледжінің әйелдер құрамасы иеленді.

 3 орынды КазГТК колледжінің оқытушылар құрамасы иеленді. "Жеңіске деген ерік" атағына ФИС-11 командасы ие болды. Осылайша, жарыс оқытушылар арасында да, студенттер арасында да өте мықты ойыншылардың бар екенін тағы да көрсетті. Барлық командалар мен жанкүйерлер жарыстан ләззат алды! Жарыстың бас төрешісі: спорттық-бұқаралық іс-шаралар бойынша жетекшісі Юлдашев Ильшат Зуфарович.

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст