Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік –таңбалы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
14 желтоқсан «Jas Otan» ЖҚ мен Ақмола облысының Жастар Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бір ел.Бір халық.Бір болашақ» атты акциясы өтті. Акция барысында қала белсенділері өз өнерлерін ортаға салып,ұлттық «Қара жорға» биін жиналған қауыммен биледі.
«SD ENTERTAINMENT » продюссерлік орталығы мен Қазақ гуманитарлық-техникалық колледж белсенділері Насибуллина Амина және Олжабаев Диас ат салысты.
Сонымен қоса акция сонында лотарея ойнатылды. Бүгінгі іс-шара Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, баулу мақсатында жалпы халықтың бірлігіне үлес қосқанына сенімдіміз.Барша Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!