Текст
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында 1 курс студенттерімен "Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" атты тақырыпта зияткерлік ойын сабағы өткізілді.
Мақсаты: студенттерге Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
Ойын барысы алты бөлімнен тұрды: ойлан тап, білгенге маржан, сәйкестендіру, сөзжұмбақты шешу, анаграмма және викторина. Студенттер ойынға белсене қатысты. Ойын қызықты өтті, сонымен қоса, көп оқиғаларды еске алып жаңа ақпаратпен танысты.
Біздің мақсатымыз ұлттық сезімді, ұлттық мақтанышты, ұлттық сананы, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.