Текст
Республикамыз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлайды.
Мереке қарсаңында Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қалалық кітапханада болып, жігіттер Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті. Бұл кездесуде қонақтар студенттермен естеліктерімен бөлісіп, сол бір сұрапыл, бірақ тағдыршешті күндердің еліміз үшін маңызы туралы әңгімеледі.
Балаларға естеліктермен қатар, осы мерекеге арналған концерт ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты – жастарды әңгімелесу, шығармашылық арқылы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерліктерімен таныстыру. Ұйымдастырушылар осылайша өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатқысы келетінін айтады.