Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау

22.11.2022

2022 жылғы 18 қарашада педагог-психологтар Г.В. Кудякова, А. М. Мухиденова "Саналы ұрпақ" клубының басшысы Л. Д. Мұхаметқалиевамен бірлесіп «Балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге "Саналы ұрпақ" клубының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында балаларға қатысты қатыгездік туралы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Л.Д. Мұхаметқалиева балалар мен жасөспірімдерге қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық проблемасының жалпы жай-күйін сипаттады. Г.В. Кудякова білім беру мекемелеріндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі психологиялық орталықтардағы балаларға мамандандырылған көмек көрсету бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар кейс – стратегияларды құруға қатысты, онда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың мысалдарын келтірді, қатыгездікке жол берген адамдардың жауапкершілігіне және кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездіктің алдын алу нысандарына қатысты мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша "ШАНС"кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығынан педагог-психологты тарта отырып іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Просмотров: 154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст