Текст
2022 жылдың 21 қарашасында 1 курс студенттерімен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты тәрбиелік сағат өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: Студенттерге зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау бойынша деңгейлерін арттыру. Студенттерге адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауға,бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күресті бірлесе жүргізу бәріміздің ортақ міндеті екенін студенттерге жеткізу.