2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оған сәйкес Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.
Тәрбие жұмысы жоспарының бағыты аясында «Жастар рухы» және «Саналы ұрпақ» клубтары Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының әнұраны, «Менің Қазақстаным» әні шырқалды. Шара барысында студенттер ОДД-12 тобы «Өз ойыны» зияткерлік ойынына қатысты. Жеңімпаз «Қыран» командасы болды. Ойынға қатысушылардың барлығы жүлде алды. Студенттер келесі сұрақтарға жауап бере алды: Менің Қазақстаным қандай? Қанша ұлт тұрады? Біздің халқымыз тату ма? Еліміздің даму болашағы бар ма? Ал сіз, бүгінгі жастар қандай?
Дөңгелек үстел соңында студенттер туған жерге, еліміздің Президентіне, ата-аналарына, колледж басшылығына және бүкіл педагогикалық ұжымына алғыстарын білдірді.