18 қараша 2019 жылы Бегалина Гульнара Еслямбековна ОДД-22 тобының студенттерімен " Отбасы-қасиетті ұғым» атты ашык кураторлык сағат өткіздім.
Мақсаты: отбасының өмірлік мұраты туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету; шығармашылық ойлауды, сөйлеуді, қиялды дамыту.
Міндеттері: отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін, қоғамның әрбір ұяшығының ерекшеліктерін ұғынуға дағдыландыру; өз отбасының шежіресіне қызығушылығын, туған-туысқандары мен жақындарын түсінуді және оларға құрметпен қарауды дамыту, туыстық байланыстардың терминдерін еске түсіру. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, кластер жасады , сурет салды, бейне ролик көрді.