Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында қазақ, ағылшын және орыс тілі мұғалімдері 2022 жылдың 26.09-30.09 қыркүйек аралығында тілдер апталығын өткіздік.
Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тілдер апталығының негізгі мақсаты оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын және орыс тілі мен ағылшын тіліне деген қызығушылығын күшейту.
Апталықты ашу мақсатында әр бірлестіктің жетекшілері тілдің маңыздылығын түсіндіріп , студенттерді қатысуға шақырды.
Тілдер апталығы аясында «Әдеби ойын» сайысы, «Полиглот ойыны », «Мәнерлеп оқу сайысы», өткізілді. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты.
Жұманың 27.09 күні "Полиглот" ойыны өткізілді. Ойынға үш топ қатысты. Ойын барысы бес бөлімнен тұрды: сұрақтар, мақал-мәтелге эквиваленттер, жұмбақтар, ребустар және сөйлемді толықтыру. Барлық топ студенттері ойынға белсене қатысты. Бірінші орынды НО-11 тобы алды.
Жұманың 29.09 күні НО-11 тобының студенттерімен «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты әдеби ойын сағатын өткізді. Бұл іс –шара оқушылардың отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған, есіл ердің бірі – ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, дарынды ақын – аудармашы А. Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы білім –білік дағдыларын қалыптастыру, ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу , танымдық деңгейін дамыту, ізденімпаздыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды. Тақырып бойынша бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді. Студенттер әдеби ойынға қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Жұманың 29.09 күні «Мәнерлеп оқу» сайысы өтті. Сайысқа 7 студент қатысты. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты, олар сайыстың шарты бойынша таңдап алған өлең жолдарын жатқа білулері қажет болды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды НО-11 тобының студенті Серикпаева Динара алды.
Апталықтың соңғы күні студенттерді марапаттау күні болды. Апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды мараппаттап, өз тілектерін білдірді.
Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын және орыс тілі мен ағылшын тіліне деген қызығушылығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.