15 ақпанда Совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толады. КСРО-ның саяси басшылығы тарихтағы мыңдаған кеңестік әскерилердің, бейбіт ауғандықтардың өмірін алған ең ұзақ соғыстың шығарылуы туралы шешім шығарды. Ауғанстанда болған көптеген адамдар үшін сол жылдардың оқиғалары әлі күнге дейін ұмытылмайтын жара.
Совет әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай 2019 жылдың 12 қарашасында Ақмола облысы білім басқармасының мәжіліс залында Ақмола облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасымен, отставкадағы полиция полковнигі Ыбырай Дуанбай Қазыбайұлы және № 5 "Таңдау" ОМГ тарих пәнінің мұғалімі, облыстық "Акмолинская правда" газетінің әлеуметтік сала, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі шолушы, жазушы Ахетова Алия Койшибайқызы арасында студенттермен кездесу өтті. Бұл кездесуде Дуанбай Қазыбайұлы студенттермен жан-жақты диалог өткізді, ол соғыстың барлық қасіреттері туралы айтып берді.
Бірнеше жыл бойы Әлия Қойшыбайқызы, Дуанбай Қазыбайұлымен бірге барлық Ақмола облысын аралап, Ауған соғысы туралы материалдарды, Ауған батырларының алғашқы аузынан жинады.
Осы кездесуде Әлия Қойшыбайқызы "На той войне, не знаменитой" атты кітабымен таныстырды, онда ол сол соғыс жылдарының оқиғаларын құжаттап сипаттап, жастарды сол соғыс тарихы мен ардагерлеріне бей-жай қарамауға шақырды. Өйткені осындай кейіпкерлердің арқасында біз қазір бейбіт аспан астында өмір сүреміз.