2022 жылдың 15 қыркүйегінде Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде online форматта 1-курс ата-аналарына арналған «Колледж оқушыларының дене және психикалық денсаулығын нығайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру болды.
Жиналыс аясында педагог-психологтар Кудякова Г. В. мен Мухиденова А.М. ата-аналарды таныстырып, жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қалыптастырудағы отбасының рөлі, суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері мен белгілері және бала-ата-ана қарым-қатынасының проблемалары туралы айтып берді.
Қорытынды бөлімде колледждің педагог-психологтары ата-аналар чаттарына суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жадынамалар жіберді.