2019 жылғы қарашаның 4 мен 6 аралығында «Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінде Нұр-Сұлтан қ. Қазақстанның тәуелсіз аккредитация орталығының СЭК жұмыс істеді. Жұмыс уақытында СЭК мүшелері колледж қамтамасыз ететін: «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт», «Ақпараттық жүйелер» төрт білім бағдарламаларының сапасын бағалады.
Аккредитация аясында колледждің материалды техникалық қоры сыртқы эксперттік комиссиямен қаралды, оқу-тәрбие үрдісіне қатысатын барлық адамдармен кездесті: әкімшілікпен, жетекшілер орынбасарларымен және бөлім меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен, колледж түлектерімен және колледж студенттерімен. СЭК тәжірибе базалары және оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сабақтарына қатысты.
Материалды-техникалық қор, оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, педагогикалық кадрлардың кәсібилігі, жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестерімен өзара қарым-қатынас, білім алушылардың мотивацисы СЭК жоғары деңгейде бағаланды.