14 қыркүйек күні ОДД 11 тобының студенттері Қалалық қазақ кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қабанбай батыр-ұлы қолбасшы» атты іс – шараға қатысты.
Қаракерей Қабанбай батыр-қазақтың Жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі және қолбасшы. Бітімгершілік миссиямен айналысты, дала қоғамында сот жүргізді. Ол мансабына қарамай қарапайым күрескерден бастап, біртіндеп әскери иерархия баспалдағына көтерілді. Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай Орталық қалалық үлгілі кітапхана "Қабанбай батыр - қазақтың хас"атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның қонақтары; Ш.Уалиханов атындағы КУ филология ғылымдарының кандидаты, доценті Есмагулов Аманжол Ыдырысұлы болды, жалпы тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Төлепберген Ғалымтай Мәлікұлы.
Қатысушылар өз сөздерінде Қабанбай Қазақ хандығының астанасы қасиетті Түркістан қаласының қорғаныс бастығы болып тағайындалғаны туралы айтты. Бірқатар стратегиялық маңызды шайқастарда қазақ армиясын басқарды. Ұлы Абылай ханның өзі Қабанбай батырға жаңа есім-Дарабоз берді, бұл теңдессіз дегенді білдіреді, бірінші болып оны бас қолбасшы етіп тағайындады.
Іс шараға қатысқан студенттерге және қонақтарға кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырып, таныстырды.