Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Т.Я.Бегелдиновтың 100 жылдығына арналған сынып сағатын өткізу.

13.09.2022

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Т.Я.Бегелдиновтың 100 жылдығына арналған ДВО-12, ЭМ-12 топ студенттерімен сынып сағаты өтті. Оның мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; нағыз патриот және Отан қорғаушы бейнесі.

Кураторлық сағатта студенттерге презентация, «Жәннатқа апарар жол» деректі фильмі көрсетілді. Сондай-ақ, студенттермен «Сұрақтар викторинасы» өткізіліп, презентация мен бейнеролик бойынша сұрақтар қойылып, белсенді түрде жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Студенттердің сөзімен «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Бегелдинов Т.Я.» баяндамасымен бастадық.

Одан әрі «Кеңес Одағының Батыры...» поэмасының терең мағынасын талдай отырып, өнер көрсетті. Сынып сағатының соңында нәтиже қорытындыланып, мақсат ойдағыдай орындалды.

Просмотров: 183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст