Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде ДВО – 12, НО-11 топтарының студенттерімен "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Оның мақсаты- адам өміріндегі білімге деген ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм сияқты құндылықтардың рөлін бірлесіп талқылау.
Міндеттері:
1. Адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылау.
2. Білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту.
3. Топта жағымды микроклимат және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында студенттерге презентация мен бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар студенттерге презентация бойынша сұрақтар қойылып, олар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Біз әнұранды орындаудан, сондай-ақ Отан мен патриотизм туралы мәлімдемелерді талдаудан бастадық. Еңбексүйгіштік ұғымын, болашақ мамандықпен байланысы қандай екенін талдадық. Сондай - ақ студенттер Абай Құнанбаевтың "Еңбек - қуаныш, жалқаулық-өлшеусіз қайғы" деген сөзінің мағынасын қалай түсінетіндері туралы ойларымен бөлісті. Талқылаудан кейін олар "баспасөз коференциясы" ойындарын ойнады, оның мақсаты куратормен танысу болды. Сондай-ақ студенттермен "Снежный ком" ойының ойнады, онда бір-бірімен көңілді және тату болып таныстық. Содан кейін студенттер қуанышты шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Содан кейін студенттерді колледждің ішкі тәртібімен таныстырды. Ата-аналармен 2022-2023 оқу жылына арналған келісімге қол қойылды. Соңында кураторлық сағаттың қорытындысы шығарылды, оның мақсаты сәтті орындалды.