5 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдер күнін атап өтеді.
2019 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында біздің колледжде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған "Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін"атты тілдер апталығы өтті.
Осы іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың тілдерге, басқа ұлттардың мәдениетіне деген құрметін тәрбиелеу, оларды тануға тәрбиелеу;
- толерантты тұлғаны қалыптастыру; қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге ұмтылысты қалыптастыру;
- Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру және зерделеу;
- оқушылардың шығармашылық, зияткерлік, әртістік қабілеттерін дамыту.
Құттықтау сөз қоғамдық пәндер және педагогикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Әміржанова Шынар Ботиевнаға берілді.
Ашылу рәсіміне оқытушылар мен студенттер қатысты.
Студенттер қазақ, ағылшын, орыс және поляк тілдерінде өлеңдер оқыды.
Концерт соңында апта бойы өткізілетін іс-шаралар айтылды.