2022 жылдың 14 маусымында педагог-психолог А.М. Мухиденова "Есірткі және олардың толыққанды тұлғаның дамуына әсері"тақырыбында дәріс өткізді. Сабаққа ДВО-22/2 тобының студенттері белсенді қатысты.
Бұл сабақтың мақсаты, ең алдымен, студенттерді есірткіні қолданудың салдарымен таныстыру, сондай-ақ кез-келген есірткінің алғашқы сынамасына теріс қатынасты дамыту болды.
Педагог-психолог есірткінің алғашқы сынамасының қауіптілігіне ерекше назар аударды және алғашқы әрекеттің есірткінің тұзағына тікелей түсуі мүмкін екендігі туралы тұрақты түсінік қалыптастырды.
Балалар педагог-психологпен бірге салауатты өмір салтының құраушыларын атап өтті, олар денсаулықты сақтап қана қоймай, әрқайсысына өз өмірін қызықты, толыққанды және табысты етуге мүмкіндік береді.
Дәрістің соңында ДВО-22/2 тобының студенттеріне "Есірткісіз өмір"атты кітапшалар берілді.