Біз үшін қандай мағына береді? Отбасы - әр қайсысымыздың өміріміздегі басты құндылық, ол дегеніміз ең жақын, әрі ыстық жандар, біз жақсы көретін, үлгі тұтатын, қамқор болатын, бар жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Отбасы дегеніміз – біздің жанымызда өмір бойы болатын жандар.
Отбасы – бұл кез-келген тұлғаның қалптасуы мен дамуына серпін беретін түсіністік пен ізгілікке деген сүйіспеншілік атмосферасы. Бұл өркениетті қоғамның негізі. Жанұның арқасында мемлекет күшейіп, халықтың әл-қуаты артып келеді. Адамның өмірі отбасынан басталады, отбасында ол азамат ретінде қалыптасады.
Қазақстандағы отбасылық күн аясында 2019 жылдың 13 қыркүйегінде студенттік топтың кураторы Д.Заицкий «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының бірінші курс студенттерімен «Менің өмірімдегі отбасы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Мұндай іс-шаралар отбасының өміріміздегі маңыздылығы туралы және жақын адамдарға көңіл бөлу туралы тағы бір рет ойлануға мүмкіндік береді. Шынында да, оларсыз өмір бос және қуанышсыз болар еді