Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.
Отбасы әрбір адамның өмірінде ерекше орын алады. Отбасы-біздің әрқайсымыз үшін ең бастысы. Дәл осы отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен құрметтеуді үйренеміз. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
"Бастауыш білім беру" және "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандығының 2 курс студенттерімен, кураторлар Бегалина Гүлнара Еслямбекқызы және Аймаханов Ракымжан Ераханұлы "Отбасы – бақыт мекені"тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге отбасы құндылықтарын түсінуге, ата-ананы құрметтеуге баулу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту ұғымдарын меңгерту болып табылады.