2022 жылдың 24 мамырында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің базасында "Білім беру процесіне қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігі" тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараның модераторы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімінің басшысы С.С. Сералина болды.
Семинарға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты.
Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінен колледж әдіскері - А. А. Анисимова шақырылды.
Семинар әдіскерлердің біліктілік деңгейін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында өткізілді.
Бағдарлама өте мазмұнды және екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде колледждерге экскурсия қарастырылған. Екінші бөлім практикалық, семинар баяндамашыларының баяндамалары түрінде өтті.
Семинар еркін жағдайда өтті. Әдістемелік қызметке байланысты негізгі сұрақтар қойылып, қызықтырған сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.