Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ халқының батыр ұлдары

05.05.2022

4 мамыр күні ОДД -11 тобымен «Қазақ халқының батыр ұлдары» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты  халық жадында ұмытыла бастаған ұлт батырларын қайта жаңғырту. Сабақ барысында студенттерге презентация мен видеоролик көрсетілді.  Сонымен қатар, студенттерге жетелеуші сұрақтар қою арқылы оларды өз ойларымен бөлісуге ынталандырылды. Сабақ жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғаған батырлар жайында видеодан бастау алды. Видеоны көргеннен кейін студенттер белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Олар бұрынғы заманның батырларымен бүгінгі күннің батырларын салыстыра отырып, өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл сабақтың мақсаты тек батырлар туралы айтып қоймай, сонымен қатар студенттердің бойында  патриотизмді ояту.

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст