Текст
2022 жылдың 27 сәуірінде «Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесінде «Қазақстандағы балалар жылы» іс-шаралар жоспары аясында Көкшетау қаласы мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында жалпы білім беру циклі пәндері бойынша олимпиада өтті.
Олимпиада мектеп оқушыларын ТжКБ оқу орындарына оқуға тартудың бір түрі болып табылады, мектеп оқушыларының оқытылатын пәндерді терең меңгеруіне, қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға септігін тигізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Олимпиадаға келесі мектептердің 113 оқушысы қатысты: «№21 мектеп-лицейі» КММ, «№22 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «ЭКОС» №13 мектеп-гимназиясы, «№8 ЖБМ» КММ, «№17 мектеп-гимназиясы» КММ, «№14 ЖБМ» КММ, №11 мектеп-гимназиясы КММ, №16 ЖБМ КММ, «№12 ЖББМ» КММ, 6 мектеп- лицейі, №2 ЖБМ, Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейі, «Техникалық лицей» КММ, № 10 мектеп ЖБМ, «№ 15 негізгі орта мектеп» КММ.
Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!