2022 жылдың 13 сәуірінде Ақмола облысының білім басқармасы мен облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің қолдауымен КЕАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде» ғылым апталығы аясында колледж студенттері арасында "Ғылым әлемін аша отыра - III" оқу - зерттеу жобаларының байқауы өтті. Байқауға Омбы, Семей, Өскемен, Орал, Петропавл, Көкшетау қалаларының, Ақмола облысы колледждерінің 46 студенті қатысты.
"Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1 курс студенттері "Қазақ және ағылшын тілдері" секциясына қатысты. Сейфилмаликова Аягөз "Ы.Алтынсариннің қазақ қоғамындағы және рухани дамуындағы рөлі мен маңызы" (ғылыми жетекшісі Мажитханова М. А.), Бөкенова Жанерке «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде адамдарды сипаттауда қолданылатын құрамында түс атаулары бар фразеологизмдердің ұлттық – мәдени ерекшеліктері» (ғылыми жетекшісі Анисова А. С.) тақырыптары бойынша жобаларын қорғады.
Зерттеу қызметі оқуға деген ынтаны арттырудың қажетті құралы болып табылады және студент тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның объективті өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға, зерттеу дағдыларын игеруге, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметпен айналысуға ықпал етеді.
Байқауға қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!