Текст
2022 жылдың 7 сәуірінде Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде «Smart mix» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға студенттер мен оқытушылардан құралған 4 команда қатысты. Бұл ойынның мақсаты – тұлғаның өзін-өзі анықтауына, жеке тұлғаның интеллектуалды дамуына, бос уақытты ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау.
Ойынды ұйымдастырып, қызықты уақыт өткізгені үшін mrc- Kokshetau алғысымызды білдіреміз. Ал ойын жеңімпаздарына Көкшетау қаласының колледж студенттері қатысатын қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!