Колледждің студенттік топтарымен тәрбие жұмысы жоспарын орындау аясында және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2019 жылғы мамырдың 17-сі «Ақпараттық жүйе» мамандығының 1 курс студенттерімен, кураторы Д.С. Зайцкий «Stop жемқорлық» атты ашық кураторлық сағатын өткізді.
Тақырыпты талқылау барысында сыбайлас жемқорлық туралы келесідей негізгі сұрақтар қаралды: жемқорлықтың пайда болу тарихы, құралдары, параға қатысты қызметтер мен пайда, пара алу мен беруге байланысты қылмыстың түрлері, сонымен қатар НҚА (« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі) пара беру және алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы бар. «Саналы ұрпақ» жемқорлыққа қарсы клубының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты мен ЖІК белсенділерімен түсірілген «Жемқорлық – бала көзімен», «Парасатты бол, Қаз ГТК сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты видеороликтері көрсетілді.
Кураторлық сағат соңында студенттік жастарға директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Д. Т. Балтабаева сөз сөйледі, ол өз кезегінде "Кез келген аурудың ең үздік құралы – алдын алу екенін түсіну керек. Сыбайлас жемқорлық болмайды, егер біз оны санамыздан мүлдем жойатын болсақ. Ал біз оны ерте жастан бастап тәрбиелеуіміз керек, Мектеп - колледж-ЖОО".