Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Диалог алаңы «Қүшіміз бірлікте»

31.03.2022

28 наурызда Вказ ГТК колледжінде балаларды қорғау жылына арналған конференция өтті. Конференцияға ДВО-22/1 тобы қатысты. ДВО-22/2 тобының студенті Кузьмина Полина баяндама жасады .Ол бала құқығын бұзу, дарынды оқушыларды қолдау сияқты тақырыптарды қозғады . Колледж психологы Мухиденова Айдана Мухтаровна келесі тақырыптарды бала мен жасөспірімді дұрыс тәрбиелеу деп атады. 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Жаңа жылдық Жолдауында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Бұл олардың құқықтарын қорғау, білімге, медициналық қызметтерге қол жеткізу, әлеуметтік қамсыздандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты бұзушылықтар мен зорлық-зомбылықты жою және алдын-алу. Мемлекет басшысы атап өткендей, балалар жылы ұрандар мен мерекелік іс-шараларды өткізуді емес, ең алдымен, билік органдары тарапынан балалық шақты қорғау мақсатында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар қабылдауды білдіреді. Конференция барысында студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікірталастарға қатысты.

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст