2019 жылдың 7 жұлдызында «8-наурыз Халықаралық әйелдер» күніне арналған «Арулар асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте колледждің директоры Уразалин Г.Т ұстаздар ұжымын және колледж студенттерін құттықтап, алғыс хаттармен, мадақтама қағаздармен, төс белгілермен «Мың үздік» ашық сабақ Республикалық конкурсқа қатысып ұстаздар ұжымы Албакова Хава Маулиевна, Амержанова Шынар Батиевна, Балтабаева Дана Турлубековна, Искакова Айнагуль Амангельдиевна марапатталды. Ғылыми жобаға қатысып мадақтама қағаздармен, төс белгілермен 2- курс студенті Бортникова Анжелика, және 1-курс студенті Амангелді Дидар марапатталды. Ұстаздар ұжымына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Әсем әндер шырқалып,тамаша билер орындалды. Әсерлі, әрі жүрек елжіретер өлең шумақтары оқылды. Ұстаздар қауымына гүл шоқтары сыйланды.