Бүгін, яғни 14 наурыз 2022 жылы Жоғары қазақ гуманитарлы – техникалық колледжінің ФиС – 11 тобында «Көрісу күні – ынтымақ пен берекенің бастауы!» атты кураторлық сағат өткізілді. Басты мақсаты: жас ұрпақтың қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет- ғұрпын жақсы біліп, дәріптеуі. "Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығымен айналысқан, көшіп-қонып жүрген. Сондықтан әр ру, ауыл бір-бірімен көктем шыға қауышатын болған. Бұл 14 наурызға тұспа-тұс келген. Сондықтан "көрісу" деп аталған. Бәрі қыстан аман шыққанына қуанып, жастар жағы үлкендерге барып, аман-саулығын сұраған, батасын алған. |
Үй-үйде дастархан жайылып, жақсы тілектерін білдіретін болған. Тәрбиелік жағынан мәні өте тереңде. Әлі күнге жалғасын тауып келе жатыр. Жастың үлкенге деген құрметі, өкпе-реніштің ұмтылуы, ақ дастархан жайылып, ағайын-туыстың кездесуі, осының бәрі адамдар арасындағы қарым-қатынасты да реттеген".