Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі
Высший Казахский гуманитарно-технический колледж

СОЦСЕТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖҚазГТК-де ұлттық киім аптасы

15.03.2022

2022 жылдың 14 наурызында Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық киімдер апталығы басталды.

Қазақтардың ұлттық киіміне көшпелі өмір салты үлкен әсер етті. Халық шеберлері әр уақытта киімді атқа мінуге ыңғайлы, қыста жылытатын, жазда ыстықтан қорғайтын етіп жасаған. Сондай-ақ қазақ киімінің қалыптасуына қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болған көрші халықтардың да әсері болған.

Қазақтың ұлттық киімінің көркемдігі, оның сапасы, пішіндері, қосымша аксессуарлары, сәні ғасырлар бойы өнер мен таланттың, көптеген қолөнершілердің еңбегімен жасалған. Ұлттық киім- біздің ұлттық байлығымызды сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, жастар арасында насихаттау дегенді білдіреді.

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст