Текст
Колледж белсенділерінен құралған студенттер тобы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері қойған "Менің әкем" спектаклін тамашалады.
Қазіргі педагогика театрдың мүмкіндіктерін студенттерді көркемдік тәрбиелеудің нақты құралы ретінде қарастырады. Театр барлық уақытта дарынды көрермендер мектебі болған. Колледждегі театр білімі мен тәрбиесі көрермен мәдениетінің негіздерін тәрбиелеуге, театрлық-орындаушылық қызмет дағдыларын дамытуға, театр өнері туралы білімді жинақтауға бағытталған. Студенттер жағымды эмоцияларымен, әсерлерімен бөлісті.
Колледж Президентіне қызықты спектакльге билеттері үшін алғыс білдірді.