Жастар болашақта маңызды әлеуетті салмаққа ие халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі болып табылады. Қазіргі әлемдік дамудың заңдылығы жастар саясатының мемлекет қызметінің дербес бағытына бөлінуіне байланысты. Халықтың осындай топтарын қолдау үшін еліміздің кейбір қалаларында жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Осыған байланысты, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жанында жастарға қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі-ЖҚО) ашылуы өтті. Ол жерде жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары, тұрғын үй сатып алу мәселелері, заң мәселелері, сондай-ақ волонтерлік мәселелері бойынша тегін кеңес беру алаңына айналады.
«Біз, Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, жастарға қызмет көрсету орталығының ашылуына келдік. Болашақта біз, көмекке қайда жүгінуге болатынын білеміз. Біздің қаламызда осындай орталықтың ашылуы қазіргі жастар үшін тамаша жаңалық деп есептеймін. Себебі, олардың әрқайсысы жұмысқа орналасу, психологиялық, сондай – ақ басқа да сұрақтар бойынша өтініш білдіре алады» - деп атап өтті 3 курс студенті Қожамұратова Гүлзада.
Айта кету керек, кез келген адам жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін Сәтпаев көшесі, 1Б, А корпусы, 108 кабинет мекен-жайы бойынша жастарға қызмет көрсету орталығына жүгіне алады.