Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде студенттері арасында «Ұлтаралық тұрақтылық – Қазақстан Тәуелсіздігінің басты жетістігі»атты челлендж – эссе байқауы өтті.
Челлендждің мақсаты – студент жастар үшін елдің егемендігі мен тәуелсіздігі туралы түсінікке жол ашу, Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихына назар аудару, қазіргі ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.
15-30 қараша аралығында өткен байқауға барлық мамандықтардың студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз эсселерін жіберіп қатысқан болатын.
Күні қазылар алқасы үздік деп танылған студенттерге арнайы дипломдар табыстады.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, жарқын болашақ пен оқуда табыс тілейміз!