Текст
23.11.2021 ж. этносаралық қатынастарды дамыту және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспары аясында НО-11 тобының студенттері арасында «Салт- дәстүр- асыл қазына» атты интеллектуалды ойыны өтті.
Халықтық дәстүр мен әдет-ғұрыптың рухани байлығы өткен өмірден үлгі-өнеге көрсетіп, өскелең ұрпақтың қалыптасуына мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің тәрбиенің дәстүрлі түрлерін қабылдауы махаббат пен өзара сыйластық орнаған табиғи жағдайда ғана жүзеге асады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілік-этикалық дәстүрлерді ескере отырып іс-шараларды өткізу маңызды рөл атқарады, өйткені салт-дәстүрлер халықтың тарихи қалыптасқан ұлттық мәдениеті мен ұлттық сипатын көрсетеді